Ішпысқан блогаулы

Just another WordPress.com weblog

Мұрт!

Кеше Мұрт деген адамның атын естідім. Ғажап!

Сонда баласы Мұртұлы, ал қызы Мұртқызы бола ма екен? Немересінің аты Ерлан немесе Дәурен болсын, атасының атын фамилия қылса: Дәурен Мұрт, Ерлан Мұрт, Айгүл Мұрт, Бибігүл Мұрт, Батыр Мұрт, Әдемі Мұрт, Әсем Мұрт,  болады екен. Прикол…

Шілде 18, 2008 Жазған Ішпысқан | Uncategorized | | 9Пікірлер

Балық

Неге екенін білмеймін, маған Сальма Хайек және Моника Белуччи ұнайды. Шамасы, мен еркек болғасын шығар.
Франц Фердинандты тыңдап отырмын. Соңғы шыққан альбомы бар еді, You Could Have It So Much Better… деген. Соған балқып отырмын.
Сонымен фантазия таусылды.
Соңғы кезде шабыт келмей жүр. Ыстықтан шығар. Алдында теңізге барып оқсатып тұрып күнге күйгем, енді қап-қара негр сияқты жұмыста ұялмай отырмын. Терім сыртына шығып кеткен. Қорқыныштымын. Балық ауладым. Бірақ, біреуін де ұстай алмадым. Колбасаға дым да ұсталмайды екен. Тағы бір лақтырып, күтейін дедім. Жарты сағат күтіп, аяғым ұйып, дым ұсталмағасын қармағымды тартып едім, қарасам басындағы еті жоқ. Лақтырған кезде түсіп қалған болса керек. Сол кезде жынданғаным соншалық, пляждағылардың бәрін қуып шыққым келді балықты үркітпесін деп. Күшім жетпегесін үнсіз, іштей боқтап салдым бәрін! Мә сендерге деп іштей қолымды шошайттым. Іштей. А то сабап кетсе.

Шілде 17, 2008 Жазған Ішпысқан | Uncategorized | | 6Пікірлер

Қайран қазақ…

Бір сайт көрдім, аты lists.memo.ru. Өзімнің ағайындарымды тауып мәз болып отырған түрім бар. Заман-ай, сол кезде көрінгенді үйінен алып кететін неткен құйтырқы заман, а? Түннің бір уағында келіп, алып кетіп ж атқанда шырт ұйқыда жатқан баласының маңдайынан сүйіп, сол кеткеннен мол кетеді екен… Осы бар ғой, 20 ғасырда пайыз бойынша халқы ең көп зардап шеккен халық - қазақ халқы сияқты. Неге дейсіз ғой, Бірінші Ұлы Отан соғысында қырылды (окоп саламыз деп), аштықта, көште, Екінші Ұлы Отан соғысында қырылды. Қайран қазақ…

Жарнама үшін кешірім өтінем.

Шілде 17, 2008 Жазған Ішпысқан | Uncategorized | | 2Пікірлер

Ит

Бірде бір кәріс қызбен сөйлескем. Иттің етін жеймін дейді, оның үстіне тәтті деп қояды. Ол қай ит десем, кәндіктер екен, оларды арнайы қорада толтырып өсіреді де, көңіл-күйіне байланысты жейді екен. Айтуы бойынша, иттің еті қойдың етінің дәмімен бірдей, төрт сағат қайнатылады екен. Және туберкулезден емдейді екен, айтуы бойынша бір кәріс баба Нюра баласын осы ауруды иттің етімен емдепті-мыс.

Кәдімгі қазақтың тазысын жемейтінін біліп қуандым, неге екенін білмеймін. Түркмен төбетті жей ме екен, қалай екен?…

Мамыр 23, 2008 Жазған Ішпысқан | Uncategorized | | 8Пікірлер

Өмір іш пыстырды

Адамдар қызық. Өте қызық. Жаңа бір ауылдың қара келіншегі кабинетімнің есігінен сығалап, бірдеме ұрлап алғандай бетіме қарап, “Сәуле деген сіз бе?” деп сұрады. Түрім адам шатастыратындай емес сияқты еді, қызық екен. “Жоқ” дедім. “Ой, кешіріңіз” дегені.

Прикол неде дейсіз ғой? Прикол мынада: мен еркекпін.

Айтып отырмын ғой, адамдар қызық.

Мүмкін күннің ыстығынан шығар, оны да түсінуге болады. :))

Мамыр 23, 2008 Жазған Ішпысқан | Uncategorized | | 9Пікірлер

Ішім пысты

Ішім пысты. Бәрі де надоел. Жұмыстан зықым шықты.

Не жазам енді? Білмеймін. Қой, не де болса бірдеме жазайын, үндемей отырған жігітке жараспайды. Былжырап сөйлей беру керек.

Дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік, дігідік,…

Оспанхан Әубәкіровтың кітабынан алғам, плагиат десе де болады.

Ана бір әнді таба алмай жүрмін, қалай еді, а, былай: нәнәнәнәнәнәнәнә, Алматыда жаңа жауын, жаңа жауын басылды (может басталды болуы да мүмкін). Білмеймін. Мырызы түрінде (mp3).

Алматыны сағындым. Алматының жауынын сағындым. Жалпы өсімдікті, жаңбырды, тауды сүйемін. Неге мен құмда тудым???????

Словоблудие деген осееее…

Мамыр 21, 2008 Жазған Ішпысқан | Uncategorized | | 8Пікірлер

Hello world!

Дым жоқ мында. Жазатын да дым жоқ. Ваще дым жоқ. Бекер келдің деуге де болады. Оның орнына басқа бір әлеуметке пайда тигізер іс жасағаныңыз жөн еді, осы сайтқа кіріп мына шайтанның сандырағын оқып отырсыз. Сіздің уақытыңыз аз. Бар болғаны сексен жылға жетер-жетпес… Оған да жетуіңіз екіталай. Ал сіздің отырысыңыз мынау. Бірдеңе үйрендіңдер ме мысалға мына шұбарған мағынасыз сөздерден?

Мамыр 18, 2008 Жазған Ішпысқан | Uncategorized | | 7Пікірлер